Мектеп туралы
10-11 сынып оқушыларын жоғары оқу орындарына түсуге дайындау Аптасына 5 күн, уақыты 8:00 – 16:00 Оқыту тілі - қазақ тілі Сапалы 2 мезгіл тамақтану
Сыныпта 20-24 оқушы ҰБТ-ғы бейімдік пәндерге басымдық беріледі (аптасына 9 сағат) Қосымша сабақтар/ҰБТ форматындағы тестілеу жүргізу/IELTS емтиханына дайындық
Менторлық жүйе Профориентация жүйесі Шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге бағыт бағдар беру
2022 жылы ашылды 416 түлек шығарды (2024-2025 жж – 150 түлек)
2024-2025 оқу жылында 84 түлек мемлекеттік грант иегері атанды, 6 түлек университеттердің ішкі гранты иегері атанды
«Алтын белгі» және «Үздік аттестат» үміткерлері 100% ақтап шықты
Оқушыларымыз Америка елінде университеттерінде білім алуда
Америка және Еуропа елдеріне мәдени және білім беру саяхаттарын ұйымдастырамыз
Мектеп құндылықтары

Директор
Карибаев Ербол Кайыргалиевич
Білімі
2009-2013 ж Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, химия факультеті
Жұмыс тәжрибесі
2013-2017 ж. ХББ НЗМ Шымкент қ. Химия пәні мұғалімі
2017-2019 Petro Kazakhstan Oil products. Каталитикалық риформинг және каталитикалық крекинг (RFCC) қондырғыларында Технологиялық қондырғылар операторы
2019 - 2020 easybus.kz жобасының негізін қалаушы
2020 - 2021 ж. «Maximum online» жобасы
2021 - 2022 ж. «Maximum» курсының директоры
2022 - 2024 ж. химия пәні мұғалімі
2021 - 2024 ж. Delve Study ағылшын тілі оқу орталығы. ТОО “Delve” директоры және құрылтайшысы
2022 - қазірге дейін DELVE CAMP ағылшын лагері. ТОО “DELVE CAMP”директоры және негізін қалаушысы болып табылады
2024 - қазірге дейін Maximum school мектебінің директоры
Мұғалімдер құрамы
Мұғалім – шебер
Мұғалім – зерттеуші
Мұғалім – сарапшы
Мұғалім – модератор
Ұлттық университеттердің және Назарбаев Университетінің магистрлері
Шетелдік тәжрибесі бар мұғалімдер
ҰБТ саласында 10-жылдам астам тәжрибесі бар мұғалімдер
Сыныптар ҰБТ-ғы таңдау пәндері бойынша бөлінеді ҰБТ-ғы бейімдік пәндерге басымдық беріледі (аптасына 9 сағат) Ағылшын тілі және информатика пәндері барлық сыныптарда өтіледі IELTS халықаралық емтиханына дайындық Профориентолог маманының кәсіби жұмысы Шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге бағыт бағдар беруші маман Психологиялық көмек

Білім мен тәрбие қатар ұсталады. Мектебіміз құндылыққа негізделген тәрбие жүйесімен жұмыс жасайды
Әр күні таңертең бірінші сабақ құндылық насихаттаумен басталады
Тәрбие сағаттары оқушы жалықпайтындай, жүйелі әрі қызықты жасалады
Оқу жылы барысында түрлі тақырыпта семинарлар мен тұлғалармен кездесулер болады
Әрбір оқушыны үлкен өмірге жауапкершілікпен дайындаймыз
Оқушы тек білім емес, саналы тәрбиені де қоса алып шығуы біз үшін өте маңызды!
Оқушыға үш жақтан тәрбие сіңіріледі:
Мектеп + ата-ана + қоғам
Мектептегі тәртіп жүйесі жазалауға емес, тәрбиелік ықпалға бағытталған.
Негізгі мақсат – оқушының жасаған қателігін түсініп, оны түзетуге мүмкіндік беру және келесі жолы дұрыс таңдау жасауына жағдай жасау
Мектеп ата-анамен тығыз жұмыс жасайды. Ата-аналардың оқушылармен кездесуі жиі ұйымдастырылып, пайдалы тақырыптар аясында әңгіме жүргізіледі.
Қоғамда үлкен іс атқарып жүрген тұлғалармен кездесулер ұйымдастырылады.
Мектебіміз құрметке, жауапкершілікке және үздікке ұмтылуға негізделген мәдениетті қалыптастыруға арналады. Біздің қауымдастықтың әрбір мүшесі мектепті қауіпсіз әрі шабыттандыратын ортаға айналдыруға үлес қосады!



























